«Сотта өкілдік ету» атты тақырыпқа семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сотта өкілдік ету» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы Ғ.Нәсірідінов, судьялар және мамандар қатысты.

Семинар жұмысы барысында судья А.Ахметова сөз сөйледі, ол азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы екенін атап өтті. Бұл ретте азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Ұйымдардың ісін сотта заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады. Бұл орайда заңды тұлғалардың мүддесіне өкілдік етуші қызметшілердің сотқа олардың еңбек қызметін растайтын құжаттарын беру қажеттігін ескеру керек. Осындай құжаттар ретінде жұмысқа қабылдану туралы бұйрық, еңбек шарты жүре алады. 

Соңында қатысушылар пікірлермен алмасты. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі