Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасы Д.Әбдіғалиевтің, судьялар мен мамандардың қатысуымен «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Сот төрағасы Д.Әбдіғалиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы болып табылатынын атап өтті. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарға және жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттары бекітілді, олар заң қағидаларын басшылыққа алуы, ҚР нормативтік актілерін мүлтіксіз сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы болуы қажет.

Семинар соңында сот төрағасы барлығына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі