Сот процестерінде дыбыс - бейне жазба тіркелімдерін уақтылы пайдалану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Алматы аудандық сотында «Сот процестерінде дыбыс - бейне жазба тіркелімдерін уақтылы пайдалану» атты тақырыпқа семинар сабақ өтті.

Семинар 100 нақты қадам шеңберінде жұмыстарды жүргізуді жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына соттың төрағасы Ғ.Нәсірдінов, судьялары және кеңсе мамандары қатысты. 

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық сұрақтарға жауап болып табылатын бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадамды» белгіледі.  

Өзінің сөз сөйлеуінде Ғалымжан Нәсірдінов Заң үстемдігін қамтамасыз етуге тоқтала кетті, онда барлық сот процестеріне дыбыс-бейне тіркелімін міндетті түрде енгізу көзделген.

Семинар сабағының барысында төраға сот отырыстарын уақтылы бастау, осы күнге дейін көрсетіліп келген кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы атап өтті. 

Семинар соңында іс-шара қатысушылары пікірлерімен алмасты.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі