Сот моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюды қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа аудандық сотында «ҚР Қаржы министрлігі» ММ-ға қатысты азамат Г-ның моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкерге қатысты экономикалық саладағы қылмысты жасаған деп күдіктену бойынша қылмыстық іс қаралғаны анықталды. Істі талқылау барысында талапкер күзетпен ұстауда болды, кейін  кетіп қалмау жөніндегі қолхат алынды. Осыдан кейін талапкерге қатысты қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауынан тоқтатылды. Әділдік және жеткіліктілік қағидасына сәйкес, моральдық зиянның талап етілген мөлшері аса жоғары, осыған байланысты сот талап қоюды ішінара қанағаттандыруды шешті.

Жауапкерден талапкер пайдасына 1 250 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірді.

Сот шешімі заң күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі