Сот кәмелетке толмағанды басып кеткен сотталушыға үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты азамат Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта 2015 жылғы 30 мамырда сотталушы жер үйлер ауласында  «Газ 53» маркалы автомобилін басқарып келе жатып, бұрылу кезінде қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, кәмелетке толмаған 2013 жылы туған Н-ды басып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алынған дене жарақаттарының нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болды.

Сотта жауап алынған сотталушы тағылған кінәні толық мойындады.

Жол қозғалысы қағидасын бұзу сотталушының Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы қағидасын сақтамағанымен көрінген, оған сәйкес «Жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен, егер олар болмаса немесе ақауы болса — қолмен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды».

         Қылмыстық жауаптылықты және жазалауды жеңілдететін мән-жайларды ескеруде сот шын ниетпен кінәсін мойындауды, өкінуді, әрі үш кәмелетке толмаған балаларының бар болуын, қылмысты алғаш рет жасағанын, жәбірленушінің заңды өкілдері тарапынан сотталушыға наразылықтарының жоқтығы туралы арызды таныды.

Сот  қаулысымен сотталушы ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан  айыра отырып, жазасын   колония-қоныста өткеруге 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі