Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының бұйрығымен 23.06.2004 ж. бастап құқықбұзушыдан 8.466.700 теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасы өндіріліп алынған. Алайда құқық бұзушы 11 жыл бойы сот актісін орындамаған,  борыш сомасын өтеу үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Републикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған және 19 820 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі