Шарттық қатынастар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Шарттық қатынастар» атты тақырыпқа дәріс сабағы өтті. Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев, судьялар және мамандар қатысты.

Аталған тақырып бойынша судья Н.Шуалқанов баяндамамен сөз сөйледі, ол шарттық қатынастар – ҚР Азаматтық кодексімен реттелетін қатынастардың ең үлкен тобы деп атап өтті. Шарттық қатынастар белгілі қатынастардың (ауызша немесе жазбаша) құрылуын көздейді.

Іс-шара соңында сот төрағасы Д.Әбдіғалиев барлығына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі