Пневматикалық қарудан оқ атқаны үшін әкімшілік жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты іс қаралды, ол 2015 жылғы 18 шілдеде пневматикалық қарудан оқ атқан.

Құқық бұзушының әрекеті Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 436-бабы 1-бөлігінде сараланған, атап айтқанда елдімекендерде және арнайы бөлінбеген орындарда пневматикалық қарудан оқ ату.

Сот талқылауы барысында әкімшілік жауаптылыққа тартылушы азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық көлемде мойындады. Сотқа құқық бұзушылық жасау кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын түсіндірді. Іс-әрекетіне өкінеді. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды және 19 820 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.   

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі