Парақорлық үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында жол-патрульдық полициясы мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, ағымдағы жылғы 21 маусымда сотталушыға лауазымдық өкілеттігін орындау кезінде жүргізуші Ш-ның алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу фактісі туралы хабар түскені және оқиға орнына шыққаны анықталды.

Істі тергеу барысында Ш. жүргізген автомобиль соңғысының ағасына тиесілі екені анықталды.

Сотталушы масаң жүргізушіден оны әкімшілік жазаға тартпауы үшін 10 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған тиесілі жеке мүлігін тәркілей отырып, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өмір бойы лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, полиция капитаны арнайы атағынан айырумен бірге,  1 500 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі