№2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтың үйде қамап ұстау мерзімін ұзартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі  «б» тармағында көзделген қылмысты жасаудағы күдікті Талғат Ермегияевқа қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырды.

2015 жылғы 25 тамыздағы сот қаулысымен үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мерзімі 4 айға дейін ұзартылды, яғни 12.10.2015 жылға дейін.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі