№2 Алматы аудандық соты «Күзет» экс-инспекторын қамаққа алуға санкция берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін «Күзет» полкінің қызметкері Ж.-ға қатысты қамақ түріндегі мәжбүрлеу шарасына санкция берді.

Оқиға 2015 жылғы 5 тамызда болды. Қошқарбаев көшесі бойынша жаяу жүрушілер жолында «Дэу Нексия» автомашинасы азаматша В.-ны қағып кетті, нәтижесінде ол сол жерде қайтыс болды. Автомобильді «Күзет» полкісінің қызметкері басқарды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі