Мүлікті тыйым салудан босату туралы ісі қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының соты азамат Д-ның «Алмас» ЖШС-на мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай 15.11.2012 жылы тараптар арасында «Түркістан» тұрғын үй кешенінде құрылысты инвестициялаудың бірлескен қызметі туралы шарт жасасқан. Алайда, «Алмас» ЖШС мүлкіне салынған шектеулерден талапкер өз құқығын пайдалана алмайды және мүлік сатып алу меншік құқығын тіркей алмайды. Осыған байланысты талапкер сотқа арызданған.

Сот азаматтық істі зерделей келе, талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі