Мемлекеттік қызметшілер этикасын сақтау бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы К.Дүйсембиевтің қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысында мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы заңнама, процеске қатысушылар және басқа адамдармен процестік емес байланыс ерекшеліктері мәселелері талқыланды. 

Семинар соңында кеңсе меңгерушісінің міндетін уақытша орындаушы Е.Үсенбаев қазынашылықпен, екінші дәрежелі банктермен әкімшілік айыппұл бойынша түскен нақты соманы түзеу дәлдігінде салыстырып тексеру актісін жүргізуді ұсынды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі