Медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекіту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ж» ЖШС-нің «У» ЖШС-не 4 963 665 теңге сома мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы  талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасауға келді.

Сот талқылауы барысында талапкер медиативтік келісімді бекіту туралы арызымен жүгінген, оған сәйкес жауапкер қарыз сомасын төлеуге міндетті. Екі тарап та осы келісімге қол қойғаннан кейін ешқандай наразылық білдірмеуге міндеттелді.

Дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімі заңға қайшы келмейді, ешкімнің құқығын, бостандығын және заңды мүддесін  бұзбайды.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі