Мас күйінде жүргізгені үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында мас күйінде «Фольксваген» маркалы автокөлігін жүргізген азамат Н-ға қатысты іс қаралды.

Сот әкімшілік жаза тағайындау барысында жасалған әрекеттің сипатын және мән-жайды, кінәлінің тұлғасын, оның құқық бұзушылықты жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, кінәнің қасақана түрін, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ауыр зиян келтіруі мүмкін болатын қоғамдық қауіпті салдарын ескерді.

Сот құқық бұзушыны үш жылға дейінгі мерзімде көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі