«Қылмыстық процестегі медиативтік келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Қылмыстық процестегі медиативтік келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына төрағаның м.а. К.Тобағиұлы, Есіл ауданының прокуроры Б.Ермегияев, Астана қаласының Есіл аудандық заң кеңесінің адвокаты – Г.Сәулебаева, сондай-ақ медиаторлар  А.Хайдарова, Т.Елібаевтар қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушылары медиация өткізу тәртібін талқылады, сондай-ақ қылмыстық істерді қарау кезіндегі медиацияны қолданудың ерекшеліктері туралы айтты.

Дөңгелек үстел соңында сот төрағасының м.а. талқыланған тақырыптар бойынша тапсырмаларды орындаудағы ынтымақтастық өз жалғасын табуы тиіс екенін айтты.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі