ҚР Конституцияның 20 жылдығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Алматы ауданының № 2 сотында  «Конституция – Қазақстанның негізгі заңы» тақырыбына дәрістік сабағы өтті.

Іс-шара жұмысына сот мамандары қатысты. Осы тақырып бойынша судья У. Қошанов  баяндама жасады.

1993 жылы Конституция тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының күрделілігін және қарама-қайшылықтарын көрсетті. Бір жағынан ол демократиялық мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы бағытында республика өмірінің барлық қырынан  одан әрі алып жүрудің құқықтық негіздерін көрсетті.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы бүкілхалықтық референдумда 1995 жылғы  30 тамызда қабылданған. Бұл күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады.  Негізгі Заңды қабылдауға еліміздің халқымен бірге жобаны кеңінен талқылауы алып келді. 55 бапқа 1100 түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Соңғы түзетулер 2011 жылғы ақпан айында енгізілген, олар ел Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындаудың және өткізудің конституциялық негіздерін бекітуге бағытталған.

Іс-шара соңында қатысушылар осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі