Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін тұтқындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Әзербайжан азаматына қатысты іс қаралды, ол көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарды. Болу мерзімін ұзарту туралы арызбен көші-қон полициясының органдарына жүгінбеген. 

Осыған байланысты уәкілетті органдар құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Сот отырысында жауап алынған шетелдік әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада мазмұндалған мән-жайды мойындады, өз әрекетінің сараланғанымен келісті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 1 тәулік мерзімге әкімшілік тұтқындауға тартылды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі