Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы аудандық сотында «Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы Г.Нәсірдінов, судьялар, мамандар, сот көмекшілері, сондай-ақ судьялыққа кандидат тағылымгерлер қатысты. 

Ғалымжан Нәсірідінов кіріспе сөз сөйледі және алдағы мерекенің маңызы мен заңдылығын айтып өтті. 

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің басты, түбегейлі заңы. Қолданыстағы конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. 

Осы жылы біздің Республика Конституцияның 20 жылдығын атап өтеді. Судья Ж.Жетібаев өз сөзінде Қазақстан құқықтық мемлекет болып табылатынын айтып өтті.

Демократиялық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары аталған Негізгі Заңмен бекітіледі және кепілдік беріледі.  

Елдің негізгі заңын қабылдау Республика халқының Конституция жобасын кеңірек талқылауының нәтижесінде болды. Жалпы саны 33 мыңға жуық кемінде 3 миллион азаматтар қатысқан жобаның коллективті талқылауы болды. Талқылау барысында 30 мыңға жуық ұсыныстар мен ескертулер енгізілді. 55 бапқа кем дегенде 1100 түзетулер және қосымшалар енгізілді. 

Семинар соңында сот төрағасы Ғалымжан Нәсірідінов барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі