Конституция – құқық жүйесінің негізі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнінің 20-жылдық мерекесін тойлау қарсаңында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні сотқа астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттері келді.

Болашақ заңгерлерге арналған кездесудің мақсаты сот қызметін ұйымдастыру туралы білімдерін тереңдету мен кеңейту, соттың практикалық қызметімен танысу болып табылады.

 Іс-шара барысында студенттерге Конституция негізі, еліміздегі әрбір адамның және азаматтың құқығы мен бостандығы, сондай-ақ сот жүйесіне енгізілетін инновациялық технологиялар туралы айтылды.

Іс-шараның соңында студенттер сот төрағасына және мамандарға жылы кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі