Қоғамдық жерде төбелескені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2015 жылғы 15 шілдеде «Бахыт» деген дәмхананың қасында өздерінің әрекеттерін балағат сөздермен жалғастыра отырып, рыног күзетшісімен төбелес көтерген.

Құқық бұзушылардың әрекеттері ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық ретінде санатталды, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды және 19 820 теңге сомасында әкімшілік айыппұл ретінде өндіріп алуға тартылды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі