Кәмелетке толмағанға темекі өнімін сатқаны үшін әкімшілік айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дүкен сатушысына қатысты кәмелетке толмағанға темекі сату фактісі бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында құқық бұзушының кәмелетке толмаған баланың құжатын анықтамаcтан және тексерместен, оған бір қорап темекі сатқаны анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен дүкен сатушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Құқық бұзушының түсініктемесіне сәйкес, ол кәмелетке толмағанға темекі өнімін сата отырып, әкімшілік құқық бұзушылықты нақты жасаған, ол бұл ісі үшін өкініш білдірді.

Сот сатушыны ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы 1-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оны   20 АЕК-тен 30% мөлшер айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі