«Әкімшілік сотқа материалдарды жіберу тәртібі» атты тақырыпқа семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру» ММ-да Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г.Жолдасбаеваның қатысуымен «Әкімшілік сотқа материалдарды жіберу тәртібі» атты тақырыпқа семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысы барысында ҚР ӘҚБтК-ға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік хаттамаларды жасау мәселелері талқыланды. Әкімшілік құқық бұзушылықты саралау кезінде пайда болатын қателіктер бойынша түсініктемелер берілді. Судья қатысушылар назарын әкімшілік құқық бұзушылықты саралау кезінде жіберілетін қателіктерге аудартты.

Семинар соңында қатысушылар пікірлермен алмасты. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі