Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қалалық сотында еліміздің Конституциясына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға Астана қалалық сотының кеңсе басшысы Ренат Тауымбеков, Астана қалалық сотының кеңсе басшысының орынбасары Айбол Ибрагимов, бөлім басшылары және сот мамандары қатысты.

Салтанатты құттықтау сөзімен ашқан Ренат Тауымбеков Конституция мемлекеттің негізі екендігін, онда адамның өміріндегі барлық негізгі заңдары, сондай-ақ оның құқықтары мен бостандықтары көрініс тапқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Астана қалалық сотының кеңсе басшысының орынбасары Айбол Ибрагимов құттықтау сөзін алды.

Соттардың жас мамандары осы салтанатты жиында мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Сонымен бірге кеңсе басшысы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түскен сот қызметкерлерін құттықтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ведомстволық наградасы екінші дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» кеуде белгісімен:  Астана қалалық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Мадина Дәметова, Астана қалалық соты кеңсесінің меңгерушісі Анар Мұстафина  марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысының құрмет грамотасымен Астана қаласының кеңсесі басшысының орынбасары  Бағлан Бейсенбаев, Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ботагоз Баянова, персоналдарды  басқару бөлімінің бас маманы Гүлнұр Тілеукенова мараптатталды.

Конституция күнін мерекелеуге орай кеңсе басшысы Ренат Тауымбеков Астана қаласы соттарының мамандарына өз міндеттерін адал атқарғандықтары үшін алғыс хатпен марапаттады. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі