«Қамауға алуға санкция беру» тақырыбына дәріс сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотында «Қамауға алуға санкция беру» тақырыбына дәріс сабағы өтті.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң  кіріспесінде: «...әркім де азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарын пайдалана алатын жағдайлар жасалғанда ғана қорқыныш пен мұқтаждықтан азат, еркін жеке адам идеалы жүзеге асырылуы мүмкін» әрі «мемлекет жалпыға ортақ сыйластық пен адам бостандығын сыйлауға міндетті» екені айтылған.  

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Республики Казахстан «Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. 
Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады» ,- деп атады судья Н.Баяхметов.

Іс-шара соңында сот ұжымы баяндамашыға алғыс білдірді, сондай-ақ өзара пікір алмасты.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі