Істі соттың қарауына әзірлеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық сотында «Істі соттың қарауына әзірлеу» атты тақырыпқа дәріс сабағы өтті.

Мақсаты сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру болып табылатын іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және судьялар қатысты.

Аталған тақырып бойынша судья З.Жоламанова баяндамамен сөз сөйледі. Ол шешімнің заңдылығы және негізділігі істі соттың қарауына сапалы әзірлеуінен тәуелді екенін атап өтті.

Дәріс сабағының соңында судья қолда бар заңнамалық негіз қолдану тиімділігі, соның ішінде азаматтық сот ісін жүргізуді оңайлатуға да ықпал ететін істі сот қарауына әзірлеу кезеңіне жоғары дәрежеде маңыздылық беретінін атап өтті. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі