Ілеспелі жүкқұжатынсыз алкоголь өнімін сақтағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында салықтық тексеру кезінде ілеспе жүкқұжатынсыз 12 бөтелке алкоголь өнімінің сақталу фактісі анықталған М.Шаймерденов ЖК-ге қатысты іс қаралды. Аталған факт «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабының 5-тармақшасын бұзу болып табылады.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы жасаған кінәсін толық көлемде мойындады.

Сот әкімшілік жаза түрі мен шараларын анықтау барысында жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындағанын ескерді. Сотпен жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленген жоқ.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды және 148 650 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі