«Героиннің» заңсыз айналымы үшін бас бостандығынан айыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы наурызда сотталушы шартты сатып алушыға 4000 теңгеге салмағы 1,66 грамм «героин» есірткі құралын аса ірі мөлшерде өткізген.

Сонымен бірге, 2015 жылғы 1 сәуірде сотталушы бірнеше рет әрекет ете отырып, шартты сатып алушыға өзінде сақталып жатқан салмағы 1,56 грамм «героин» есірткі құралын заңсыз өткізген.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 3 сәуірде КІІД қызметкерлерімен тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде  аса ірі мөлшерде - 5,59 грамм «героин» есірткі құралы табылған және алып қойылған.

Сотта сотталушы қойылған эпизодтар бойынша айыпты мойындамады, оны тек сатып алушы мүддесі ретінде әрекет еттім деп көрсетті.

Алайда, қылмыстық істің зерттелген матариалдарына сәйкес оның кінәсі толық дәлелденді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің    296-бабының 4-бөлігінде, 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағында, 297-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жеке тиесілі мүлігін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі