Есірткі затын пайдаланғаны үшін айыппұл түріндегі жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты есірткі затын пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі қараған.

Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектес прекурсорларды медициналық емес тұтыну – бір 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Сот Астана қаласындағы «Сороковая» станциясындағы мектептің артында тұрып сотталушының қоғамдық орындарда құрамында каннабиодтар бар есірткі құралын медициналық емес мақсатта тұтынғанын анықтаған.

Сотта сотталуышы есірткі құралын тұтыну фактісін мойындаған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған деп танылған және оған 49 550 теңге сомасында 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі