Есірткі пайдаланғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы ауданының  №2 аудандық соты сату мақсатынсыз есірткі заттарын  пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот сотталушы 2015 жылғы 18 шілдеде қоғамдық орында бола тұра шегу арқылы медициналық мақсатта емес каннабиодтары бар есірткі заттарын пайдаланғанын анықтаған.

Сотта сотталушы кінәсін мойындаған.

Жауаптылық пен жазалауды жеңілдету ретінде сот кінәсін мойындауды және шын ниетінен жасағанына өкініш танытқанын, қылмыстық теріс қылықты бірінші рет жасағанын  ескерген.

Сот сотталушының жауаптылығы мен жазалануын жеңілдететін мән-жайларды қарамаған.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылған және оған 49 550 теңге сомасында айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі