Экономикалық соттағы ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кезекті «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы Ақан Жұмағұлов азаматтармен әңгімелесті, сот қызметі туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылар кеңсе, мұрағат, ұйымдастыру-талдау бөлімінің жұмыстарымен танысты, деректердің электронды базасына рұқсат етуден бастап сот процестерінің бейне-дыбыстық жазылуын қамтамасыз ететін  құрылғыларға дейінгі соттың жаңа жабдықтау құралдарымен танысты.

Ғимарат ішіндегі шағын саяхат барысында қонақтар соттар мен сот аппараты жұмыскерлерінің жұмыс жағдайларымен таныстырылды, оқу сыныптары, сот отырысының залының, бейнеконференц-байланыс жүйесінің жұмысымен танысты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі