Экономикалық сот «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты  «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы Ақан Жұмағұлов іс-шара барысында жеке азаматтар қабылдауын өткізіді, онда ол азаматтық құқықтық реттеу, кедендік, салықтық заңнамаларды бұзу, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану мәселелеріне толық жауап берді, сондай-ақ сот актілеріне одан әрі шағымдану бойынша азаматтық құқықтық нормаларды түсіндірген.

Одан басқа, барлық ниет білдірушілерге азаматтық іс бойынша сот процестеріне қатысу мүмкіндіктері берілді.

«Ашық есік күнін» Астана қаласының мамандандырылыған ауданаралық соты әр апта сайын жұма күндері өткізеді.      

Осындай іс-шараны өткізу мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, сот төрелігіне қол жетімділікті қалыптастыру, азаматтардың сот жүйесіне жоғары сенімдерін арттыру. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі