Cот «Артем» рыногы аумағында жаппай төбелес болып жатқаны туралы жалған мәлімет таратқан ер адамға қатысты үкім

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаланың Алматы ауданының №2 аудандық сотында ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып қасақана жалған ақпарат тарату фактісі бойынша  К.Тілеуовты  айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2015 жылғы 16 маусымда 20.00 сағат шамасында сотталушы К.Тілеуов масаң күйде «Артем» СҮ маңында бола отырып, интернет арқылы «Артем» рыногы аумағында төбелес болып жатқаны туралы қасақана жалған ақпарат таратқаны анықталды.

Сот үкімімен сотталушы К.Тілеуов ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 2 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі