Бөтен мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық №2 сотта Х-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа берілген қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында сотталушы жәбірленушілердің сенімдерін теріс пайдаланып арбау жолымен бірнеше рет бөтен мүлкін ұрлағаны анықталды.

Сот отырысында сотталушы барлық эпизодтар бойынша қылмыс жасағанын толық көлемде мойындаған. Сондай-ақ, ол медиация рәсімін қолдану арқылы жәбірленушімен татуласқан фактісін растады. 

Сот қаулысымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация арқылы татуласуларымен тоқтатылды, жауапкер қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Пресс-служба суда города Астаны