Берешекті өндіріп алу бойынша іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы» Республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты қарызды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қарады.

Іс материалдарынан орындалған жұмыс актісіне сәйкес, «Жылу» ШЖҚ-ғы МКК «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы»  РММ-ге 2015 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында жалпы сомасы 15 490 938 теңгеге жылу энергиясын беру бойынша қызмет көрсеткені анықталды.

Сот отырысында талаптар арасында жылу энергиясын беру бойынша қызмет көрсету туралы мәміле жасалмағаны, жауапкерден жылу энергиясын беру бойынша шығындарды өтеу жөніндегі міндеттер қабылданбағаны, төлем есебі белгіленбегені анықталды.

Сот шешімімен талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі