Берешек сомасын өндіріп алу жөніндегі дау медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Алматы аудандық соты аз.М-нің аз.А-ға қатысты қарыз сомасын  өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат мәлімдеді және сот тәрбібінде медиативтік келісім бекітілді.

Ұсынылған келісімге сәйкес, тараптар мынадай шарттарда осы дау бойынша медиация рәсімін аяқтады: тараптар келісімге қол қою кезінде төлеуге жататын залал сомасы 2 770 308 теңгені құрайды деп келісті және растады. Жауапкер талапкер қойған ақшалай қаражатты төлеу жөніндегі талабын толық көлемде мойындады және 2015 жылғы 1 қазаннан кешіктірместен ақшалай қаражатты төлеуге міндеттелінді.

Келісім тараптардың еріктілігі және адалдығы қағидаты негізінде бекітілді.

Іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібінде тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі