Азаматтық процестегі медиация

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Медиация азаматтық дауды шешу нысаны ретінде» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және судьялар мен сот мамандары қатысты.

Аталған тақырып бойынша сот төрағасы Д.Әбдіғалиев баяндамамен сөз сөйледі. Ол, медиация бұл – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі деп атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы медиация сотқа дейінгі сатыда да, сот ісін жүргізу барысында да басталуы мүмкін екендігін қосып айтты. 

Дөңгелек үстелдің соңында сот төрағасы медияция халық, заңды тұлғалар аталған рәсімнің мәнін, оның қағидаттары және салдарын нақты түсінгенде ғана көбірек талап етілетінін атап өтті. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі