Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеулер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта «Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеулер», «Жоғары тұрған соттармен өзгертілген және күші жойылған сот актілерін талқылау» атты тақырыптарға семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы А.Жұмағұлов және судьялар қатысты.

Семинар барысында судья Ж.Ли «Азаматтық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеулер. Азаматтық істерді талдау әдісі» атты тақырыпқа баяндамамен сөз сөйледі. АПК жобасында мынадай жаңа енгізулер көзделген: дәлелдемелерді тек бірінші және апелляциялық сотыдағы сотта ұсыну мүмкіндігі. Бұл ретте, дәлелдемелерді іске қатысатын адамдар:  істі сот талқылауына әзірлеу кезеңінде бірінші сатыдағы сотқа, сот талқылауы кезеңінде, тек егер сот талқылауына әзірлеу кезеңінде оларды ұсыну мүмкіндігінің болмауы оларды ұсынған адамдармен негізделген кезде ұсынылады.

Сонымен бірге, судьялар семинар шеңберінде жоғары тұрған соттармен өзгертілген және күші жойылған сот актілерін талқылады.

Семинар соңында сот төрағасы қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі