Азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотында жоғары тұрған соттардың сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептерін талқылау жөнінде, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдану жөнінде семинар өтті.

Семинар жұмысына сот төрағасы және сот судьялары қатысты. Семинар барысында судья Сая Бекіш «Азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдану» тақырыбына баяндама жасады, баяндамада ол заң жобасындағы өзгерістер әр түрлі жоспардағы сипатта екенін,  азаматтық іс жүргізу кодексіндегі негізгі ережелерді толығымен қамтығанын атап өтті. Осы баяндамада Сот шығыстары туралы АІЖК  8-тарауының новелласына назар аудару ұсынылды. Осы іс жүргізу институтының маңыздылығы және оны іске асыруы әдетте  сот шығыстары туралы мәселесін шешпейінше бірде-бір азаматтық істің қаралмайтын фактісін көрсетеді.     

Семинар соңында сот  төрағасы семинарға қатысушыларға алғыс білдірді және талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.   

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі