Автокөлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты  іс қаралды, ол  2015 жылға 19 шілдеде  «Lexus Rx 300» маркалы автомашинасын алкогольді масаң күйінде басқарған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушының орта дәрежедегі алкогольді масаң болуы анықталған.       

Азамат Н., сот отырысында әкімшілік хаттамада жазылған мән-жайды растады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген 3 жыл мерзіміне көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі