Астаналық сотта Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметіне орай салтанатты жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының сотында Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға  қалалық соттың төрағасы Тілектес Барпибаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Берік Естай, қалалық соттардың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың өкілдері, Астана қаласы сотының кеңсе басшысы Ренат Тауымбеков қатысты.

Сот төрағасы салтанатты іс-шараны аша отырып, барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады, судьялық корпус үшін мерекенің ерекше маңызы бар, сот жүйесіне Ата Заңда көрсетілген біздің азаматтардың құқығы мен бостандығының мызғымастығын қамтамасыз ету міндеттелген деп ерекше атап өтті.

Салтанатты жиналыс ерекше көзге түскен қалалық және аудандық судьяларға марапаттар, құрмет грамотасы және  алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстаумен жалғасты. 

Астана қаласы сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Берік Естай, қалалық соттың судьялары Светлана Богрянская, Кенже Ақтайлақов,  Жанна Ермағамбетова «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальімен марапатталды.   

Астана қаласы сотының судьялары Тоқтар Әмренов, Мараш Манабаева, Айман Майқыбаевалар соттық-құқықтық жүйенің дамуына салмақты үлес қосқаны, көпжылдық және жемісті еңбегі үшін «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медальына

лайықты болды.    

Республика соттарының Одағы атынан «Үшби» құрмет белгісіне Астана қаласы сотының судьясы Жанна Ермағамбетова лайықты болды, құрмет грамотасымен қалалық соттың судьясы Нұрлан Сұлтанов, алғыс хаттармен қалалық соттың судьялары Алма Есімова, Гүлшара Қампитова,   Айман Майқыбаевалар марапатталды.   

Заңтану саласында мүлтіксіз және жемісті еңбектері үшін қалалық соттың судьялары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен

өкілдері алғыс хаттар және құрмет грамоталарымен марапатталды. 

Салтанатты іс-шара барысында сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев Астана

қаласы сотының судьясы Жанат Қозыбайұлы Әбдірахмановты отставкаға шығуымен құттықтады.  

Сот төрағасы Жанат Қозыбайұлын салтанатты орнынан түсумен құттықтай отырып, әріптесіне көпжылдық адал еңбегі үшін алғыс білдірді, Жанат Қозыбайұлы судья лауазымында еңбек еткен жылдарда өзін кәсіби және сауатты заңгер ретінде көрсетті деп атап өтті. Оның білімі және өз мамандығына деген сүйіспеншілігі сот төрелігін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.  

Сонымен бірге, жаңадан тағайындалған аудандық және оған теңестірілген судьялардың ант қабылдауы болды. «Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларын қызметке тағайындау туралы»        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Айгүл Жамансариева Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, Анжела Хан – Алматы аудандық сотының,                           Адель Ешмағамбетова – Есіл ауданының №2 аудандық сотының, Ақмарал Исаева – Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының, Салтанат Шәмшінұрова – Сарыарқа аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

Қалалық соттың төрағасы Тілектес Барпибаев берілген антқа берік болу қажеттігі, оны өз кәсіби қызметіне қолданудың маңыздылығы туралы атап өтіп, жас судьяларды құттықтады.

Соңында сот төрағасы барлық марапатқа ие болғандарды құттықтады, барлығына ары қарайғы сот жүйесін дамытуға қатысты жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі