Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Спорт және дене шынықтыру мәдениеті агенттігі төрағасының экс-орынбасарына қатысты сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соттың 31.07.2015 жылғы қаулысына адвокаттың жеке шағымы бойынша келіп түскен А.Туматаевқа қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын қарастырды.

А.Туматаев ҚР ҚК-нің 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағында көзделген (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен адамның мүлігін иемдену немесе жұмсап қою) қылмысын жасаған деп күдіктелінеді.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаның шешімімен А.Туматаевқа қатысты 2015 жылғы 3 қыркүйекке дейін күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы бірінші сатының қаулысын өзгеріссіз, адвокаттың шағымын – қараусыз қалдырды.

Қаулы соңғы болып табылады, шағым келтіруге және наразылық білдіруге жатпайды.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі