Астана қаласының Есіл аудандық сотының төрағасы Астана қаласындағы Балалар үйіне барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конституция күні және Білім күні мерекесін тойлау қарсаңында Астана қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіғалиев және кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы М.Дүйсемұратова Астана қаласының Мамандандырылған балалар үйіне барды.

Өзінің балаларға үндеуінде сот төрағасы Д.Әбдіғалиев осы жылы біз республика Конституциясының 20 жылдығын атап өтеміз және бұл мерекенің біздің егеменді мемлекетіміз үшін, әрбір азамат үшін ерекше мәні бар деп атап өтті.

Д.Әбдіғалиев Конституция күні және Білім күні бұл – қоғамға балалар бақытты болып өсуі, сүйікті істерімен айналысуы және болашақта керемет ана-ана және өз елінің азаматтары болуы үшін балаларды қорғау құқығының қажеттілігі туралы еске салу деп қоса айтты.   

Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға балалар үйінің өміріне ат салысқандары үшін алғыс білдіре отырып, оларға мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шара соңында сот төрағасы балаларға денсаулық және ең асыл армандарының орындалуын тіледі, сондай-ақ естелік сыйлықтарын тапсырды.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі