Астана қаласының экономикалық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласы қалалық сотының судьясы А.Жақыпованың қатысуымен жоғары тұратын соттардың сот актілерінің күшін бұзу және оны өзгерту себептерінің талдауын талқылау бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысына аудандық соттың төрағасы, судьялары қатысты.

Жұмыс барысында істерді апелляциялық және кассациялық тәртіпте қарау практикасынан мысалдар келтірілді. Одан басқа, судьялар өз ұсыныстарын айтты және құқық қолдану практикасында кездесетін проблемалық мәселелер талқыланды.

Заңнама нормаларын, жоғары тұрған соттардың істерді қарау практикасын зерделеу жөніндегі ұқсас іс-шараларды өткізу сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеруге ықпал етеді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі