Астана қаласы Есіл ауданынынң сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл ауданының сотында «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - мемлекеттік- құқықтық саясаттың ажырамас бөлігі»  атты   тақырыбына семинар сабағы өтті.

Семинар сабағына сот төрағасының міндетін атқарушы Ж. Байбек, судьялар мен сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасының м.а. Ж.Байбек көрсетілген тақырып бойынша баяндама жасады, ол мемлекеттік тілдің мәні мен рөлі туралы айтып өтті, әрі Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы мен оның іске асырылуының жетістіктеріне тоқталды.

Сондай ақ Ж. Байбек еліміздегі ауызбіршілік пен өзара түсінісушіліктің арқасында ешқандай  кедергілерсіз барлық өзге ұлттардың мәдениеттері мен тілдері дамытылып отырғанан атап өтті.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қазақ тілінің даму тарихын зерделеу жөніндегі жұмыстар өткізілген, ол жұмыстар халықтың игілігіне орай жасалған.

Семинар соңында Ж.Байбек мемлекеттік тілді дамыту ісі әр азаматтың қастерлі парызы және азаматтық міндеті екендігін баса айтты. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі