Алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін құқық бұзушыны 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Медициналық растау қорытындысына сәйкес құқық бұзушыдан жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада мазмұндалған мән-жайды растады, өз әрекетінің сараланғанымен келісті.

Қазақстан Республикасының Жол жүріс қағидаларының 2.4.2-тармақшасына сәйкес жүргізушіге масаң күйінде (алкогольдік, есірткілік немесе өзге де); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі