«Алиментті өндіріп алу істері жөніндегі даулар» тақырыбына семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Алиментті өндіріп алу істері жөніндегі даулар» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Астана қаласы Алматы аудандық сотының м.а. К.Рахметулина және Алматы аудандық сотының судьялары қатысты.

Семинарда судья Ж. Жетібаевтың баяндамасы тыңдалды, ол азаматтық заңнаманың азаматтық құқықтарды қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастыратындығын атап өтті.  Сонымен қатар, талапкердің құқығы толыққанды қорғалуын және бүгінгі таңда жоғарыда аталған мәселерді тиянақты, уақтылы жүзеге асыруда алға қадамдар жасалғандығын атап өтті. Аталған санаттағы істерді қараудың маңыздылығына, сот тәжірибесіне тоқталды.  Алиментті өндіру туралы талапты берудің негізі болып, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарауы және Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің 19-тарауы болып табылады, осыған сәйкес,  талапкер өз құқығын яғни алиментті өндіріп алуға құқығы бар.  .

Семинарда сот тәжірибесінен мысалдар келтірді, осы санаттағы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді нақтылады. 

Семинар соңында семинар жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар талқыланған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар қабылдады.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі