Архив событий

31/03/2015

Азаматтық процессуалдық заңнаманы дамыту мәселелері

31/03/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Азаматтық процессуалдық заңнаманы дамыту мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы С.М.Өскембеков, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ж.М. Ли, сондай-ақ «ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РММ-нің өкілі қатысты.

Заңсыз материалдық сыйақы ұсынғаны үшін жауапкершілік

31/03/2015

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚК-нің 676-бабы бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы ұсынулары) әкімшілік жауаптылыққа тартылған азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылмау мақсатында құқық бұзушы Астана қаласының ІІД ӘПБ ЖПП полк полицейіне 1000 теңге сомасында заңсыз ақшалай сыйақы берген.

Сот отырысында азамат М. өз кінәсін толық мойындады. Жасаған ісіне өкініш білдірді.

Астана қаласының есірткіге тәуелді тұрғыны туған анасын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды

31/03/2015

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін (Пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан түрде адам өлтіру) кінәлі деп танылған П-ға қатысты үкім шығарылды.

Сотталған П.-ң тұрақты табыссыз, есірткіге тәуелді адам бола тұра, анасының асырауында болғаны сотпен анықталды.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін қамауға алу

31/03/2015

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жол-көлік оқиғасын жасаған азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарастырылды.

Азамат Н. «Хундай» маркалы автокөлік құралын жүргізе отырып,  жол-көлік оқиғасының орын алуына себепші болған және полиция қызметкерлерінің алкогольдік масаң күйін куәландыруға өту туралы заңды талаптарын орындамаған.

Құқық бұзушы сот отырысында құқық бұзу фактісін мойындады және куәландырудан өтуден бас тартуын өзінің мас болмағандығымен түсіндірді.

Сотқа талап қою мерзімін бұза отырып талап арыз берудің салдары талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылды

31/03/2015

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжі» МКҚК-нің «AltynDala» ЖК-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда талапкер өзінің талаптарын 2014 жылғы 10 қарашада жақтардың арасында процессорлар қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың рәсімделгенімен байланыстырды.

Мемлекет қажеттілігіне жер телімін алу

31/03/2015

Астана қаласының Алматы аудандық соты Астана қаласы әкімдігінің ақшалай өтемақыны төлей отырып, мемлекет қажеттілігіне жер телімін иеліктен мәжбүрлеп шығару туралы аз.Н-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.