Архив событий

17/03/2015

Автокөлікті нашақорлық мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алу

17/03/2015

Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Nissan Primera» маркалы автокөлік  құралын нашақорлық мас күйінде жүргізген азамат Н-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқықбұзушы бұрын Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ӘҚК-нің 467-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Ұрлық туралы іс бойынша тараптардың татуласуы

17/03/2015

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотының қаулысымен көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық жасаған азамат А-ға қатысты қылмыстық іс тоқтату туралы ылды.

Сотта қорғаушы-адвокат сотталушы келтірілген шығынды өтегендіктен, жәбірленушімен татуласуына орай іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішті ұсынды.

Сотталушы А. және жәбірленуші Б. Ұсынылған өтінішті  бірауыздан қолдады.

Материалдық шығынды өндіру туралы дау медиациялық тәртіппен реттелді

17/03/2015

Астана қаласы Алматы аудандық соты азамат Х-ның азамат И-ға қатысты материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптардың арасында «РИМ» жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы 5 ай мерзімге пәтерді жалға алу шарты жасалғандығы анықталды.  Талапкер  шартқа сәйкес бірінші айға 100 000 теңге және шарт бойынша агенттік қызмет үшін  20%, яғни 20 000 теңге делдалдарға төлеген.