Архив событий

12/03/2015

Заң нормаларын сақтау – әркімнің міндеті

12/03/2015

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-НІҢ 192-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі, 10-бап бойынша сотқа берілген аз.Д-ға қатысты қылмыстық іс қарастырылды.

2015 жылғы 12 наурызда осы іс бойынша жәбірленуші болып табылатын аз-ша И. сотқа алкогольдік масаң күйде келген. Сот отырысында ол өзінің мұндай күйін түні бойы спирт ішімдіктерін ішкендігімен байланыстырды. Істі объективті қарастыру мақсатында, сот осы қылмыстық істі қарастыруды кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Алматы ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек стол өткізілді

12/03/2015

2015 жылғы 12 наурызда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «ҚР ҚК-нің 6-бабы тәртібінде материалдарды қарастыру кезінде құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелерін талқылау» атты дөңгелек стол өткізілді.

Осы іс-шараға Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.С. Ақылбай, сот судьялары, кеңсе меңгерушісі, Астана қаласы Алматы ауданы пробация қызметінің басшысы А.А. Ысқақова, бастықтың орынбасары Б.К. Сержанова қатысты.

USAID өкілі Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мұражайында болды

12/03/2015

USAID демократия мен мемлекеттік басқару жөніндегі бөлімінің аймақтық  директорының орынбасары Тэйлор Гаррет жұмыс сапармен Астана қалалық сотына ат басын тіреді.

Кездесу аясында сот ғимараты мен мұражай бойынша  шолу экскурсиясы жүргізіліп, Т.Гаррет ҚР ЖС-ң тарих пен құқық мұражайының бой көтеру тарихымен танысты.